Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде үш айлық сәбиін шайханаға тастап кеткен көкек ана іздестіріліп жатыр

Тастанды бала, Ақтөбе, көкек ана, шайхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2023 09:19 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбеде жаңа туған баласын дәмханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Үш айлық баланы анасы дәмхана қызметкеріне бірнеше минутқа қарай тұруға тастап кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі 29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. 


"Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан", делінген полиция хабарламасында.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бір қалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: