БАӘ-нің жаңа президенті сайланды

Абу-Дабидің тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян БАӘ Президенті болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lenta.ru мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы федералды кеңесі Абу-Дабидің тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Зейд Әл Нахаянды Президент етіп сайлады. Шешім бірауыздан қабылданды.
Ол - Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы тұлғаның үшінші ұлы.
13 мамырда БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян дүние салды. Ол жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі болған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу