Жаңалықтар тізбегі
0

Астролог үйленуге болмайтын жұлдызы қарсы жұптарды атады

Жұлдыз жорамал, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2022 17:05 Сурет: pixabay
Сарапшылардың пікірінше, жұлдыздары қарама-қайшы адамдардың бас қосуындағы одақ басқаларға қарағанда сақталуы қиын, ал кей жағдайда, тіпті өмірінің өзі қорқынышты жағдаймен тынуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір жағдайларда астрологтар, тіпті қатты сүйіп қалған жұлдызы қарсы адамдарды қарым-қатынасын достық сипатында қалдыруға, осылайша кейін түзеуге келмейтін әрекеттердің алдын алуға кеңес береді, деп жазады uznayvse.ru.

Сарышаян мен Арыстан

Бұл екеуі де амбициясы мықты көшбасшы тұлғалар, егер олар бас қосса, махаббаттары, әрине бас айналдырарлық көрініске толы болады, алайда, көбінесе негізсіз қызғаныш пен кез-келген жағдайда бір-бірін бағындыру ниеті үлкен дүрдараздыққа әкеліп соғады. Арыстан сүйікті адамы тек өзіне "қызмет етуге" міндетті деп санайды, ал Сарышаян өзіне деген тұтынушылық көзқарасты жек көреді. Мұның бәрі екеуінің де психикасына ауыр соққы болып тиеді.

Суқұйғыш пен Тауешкі

Консервативті және шынайылыққа жақын Тауешкіні Суқұйғыштың нәзіктігі, сезімталдығы тартады, бірақ ондағы шамадан тыс эмоционалдылық Тауешкінің жынына тиеді. Ерте ме, кеш пе, ол үйдегі мәселелерді жалғыз шешуден шаршап, серігіне ашулана бастайды. Ал Суқұйғыш, өз кезегінде, бір кездері сүйікті адамы быжылдақ, мылжыңға айналып кетті деп айыптайды.

Таразы және Балық

Барлығына күмәнмен қарайтын Таразылар Балықты алғаш кездестірген кезде оның сүйкімділігіне , мейірімділігіне, қолы ашықтығына тәнті болады. Алайда, кәдімгі өмірде екеуі бас қосса, екеуі де жауапкершіліктен қашып, бұған бір-бірін айыптаумен болады. Салдарынан ыдыстары кір-кір болып шашылып, тұсқағаздары жыртулы тұра беріп, олар бір-біріне төзбейтін жағдайға жетеді.

Мерген мен Торпақ

Олар керемет дос, керемет әріптес бола алады, бірақ Торпақтың басында апасының мықтап орныққан ережелері мен отбасының қандай болуы керектігі туралы түсінігі кез келген ымыраға келу амалына көндіре қоймайды. Мерген болса, ескі қағидатпен, негізсіз ережелерге сәйкес өмір сүруге дайын емес, сондықтан ол өзінің сүйікті адамымен үнемі ұрсысып қалатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: