Астролог отбасылық өмірге адал жұлдыз белгілерін атады
5-tv.ru ұсынған рейтингіге сәйкес, осы жұлдыз иелері отбасылық өмірін былық-шылыққа батырудан көбірек аулақ.
Тана
Өз таңдауын жоғары бағалайтын өте адал адамдар. Сондықтан, егер Тана өз сүйгенін жолықтырса, өмірде оған сенім артуға әбден болады, соңғы сәтте таңдауынан айынып қалу деген онда болмайды. Сонымен қатар, ол бірбеткейлігімен ерекшеленеді, айтатынын тікке бетке айтады, сағызша созып тұрмайды.
Шаян
Кішкентай кезінен ұйыған тамаша отбасыны армандайтын өте сезімтал адамдар, сондықтан олар нақты қарым-қатынасқа бірден көшеді. Олар сүйген жарын мұқият таңдайды, ал таңдау жасаған соң ешқашан бір қадамға болсын кері шегінбейді. Рас, қатты қызғаншақтығы бар, бірақ егер оның жүйкесіне тимей, жақсы қарым-қатынас ұстасаңыз, ол өмірде жақсы серік бола алады.
Бикеш
Бұл адамдар барлық мәселе талқысына жүрегінің емес, ақылының айтқанымен кіріседі. Бірақ сүйікті адамды таңдауға келгенде, керісінше. Бикеш ұзақ уақыт бойы жалғыз жүруі мүмкін, бірақ бұл оның өзі секілді адамгершілігі мол серікті іздеуімен байланысты. Егер ол отбасын құрамын деп шешсе, ол жарын ешқашан орта жолдан тастап кетпейді. Ол ең сенімді жұлдыз белгісі.