Текеліде лай көшкіні жүріп, бес жасар қыз жоғалып кетті
Сурет: Instagram/tekeliakimat
Бүгін, 15 мамырда сағат 12:00 шамасында Текеліде тұрғын үйлер массивінде лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су мен лай астында бірнеше үй қалды, солардың бірінен бес жасар қыз жоғалып кетті. Қызды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқиға орнына техникасымен бірге құтқарушылар, Қазселденқорғау қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы келді.
Текелі қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдардың ат салысуында лай көшкіні салдарын жою жөніндегі штаб құрылды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге эвакуацияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript