Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында лай-балшық көшкіні жүріп, саяжайлар бүлінді

Алматы облыстық ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 22:56 Алматы облыстық ТЖД
Қырғауылды ауылынан жоғары орналасқан "Горный садовод" бау-бақша қоғамында су құбырының жарылу салдарынан лай балшық көшкіні жүрді.

Алматы облысының Қарасай ауданында сел жүріп, саяжайлар бүлінді, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 22:56

"7 шілдеде сағат 21:39-да Алматы облысының ТЖД Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылынан жоғары орналасқан "Горный садовод" бау-бақша қоғамында су құбырының жарылу салдарынан лай балшық көшкені хабарланған. Зерделеу нәтижесі бойынша диаметрі 50 мм су құбырынан су ағып, салдарынан топырақ езілген. Кейін лай-балшық көшкені анықталды. Лай көшкін техногендік генезиске (адам әрекетінен ландшафттың өзгеруі) жатады", - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің хабарламасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 22:56

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан саяжайдағы 6 үй қираған, олардың 3-і қараусыз қалған. Тағы бір саяжай жартылай зардап шеккен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

"Балшық массасының көлемі шамамен 50 мың текше метр, ұзындығы 200 метр, шамамен 310 метрге жылжыған, жалпы ұзындығы 510 метр, түсу орнынан ені 50 метр және соңына таман 7 метр, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті. Қазіргі уақытта аумақты тазарту жүргізіліп жатыр. Зардапты жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ №28237 әскери бөлімі, ТЖМ АШҚЖ, "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласы Апаттар медицина орталығы, Алматы облысы полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды", - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 22:56

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: