Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан президенті ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысады, деп жазды Ақорданың BORT N1 Telegram-арнасы.
Мерейтойлық самми Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатыр.
Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Бөлісу
0
Толық оқу