Шымкенттік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Шымкент, әлем, университет, Америка, Канада, оқушы, жас түлек Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік 11-сынып оқушысы Мирас Сейілхан Америка, Ұлыбритания, Италия және Австралия университеттеріне оқуға шақырылды. Жас дарын шетелде оқу бітіріп, елге оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік оtyrar.kz басылымы жазғандай, Мирас Сейілхан беделді шетелдік университетке түсуді бұрыннан армандаған. Арманына жету жолындағы дайындықты тоғызыншы сыныптан бастапты.

Ол халықаралық сынақтарды жоғары баллмен тапсырды: IELTS – 8 балл, Duolingo – 135, сонымен қатар 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазды. Одан кейін әлемнің 34 университетінен оқуға шақыртулар келді. Мирасты Американың 12 университеті, британдық бес университет, Канададан бес оқу орны, Испаниядан бір, Австралиядан төрт, сондай-ақ көптеген басқа елдерден шақырып жатыр, – деп жазады басылым.

Жас жігіт қаржы және экономика саласында оқуды жоспарлап отырғанын айтады. Оның арманы – оқуын бітіріп, Қазақстанға оралу.

Ұстаздарыма алғысым шексіз. Олар үлкен рөл атқарды. Әсіресе, мені IELTS емтиханына дайындаған Дуғат пен Нұрбек ағама алғыс айтқым келеді. Жалпы, 9-сыныптан 11-сыныптың аяғына дейін оқуға түсуге дайындалумен ғана айналыстым, – деп түйіндеді сөзін Мирас Сейілхан.

Сонымен қатар, оқыңыз

Оқушы көп, мектеп аз

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз