Қазақстандық оқушы әлемнің 86 оқу орнынан шақырту алды

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 оқу орнынан шақырту алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 12:29 Сурет: Түркістан облысы білім басқармасы
Арыс қаласының мектеп оқушысы әлемнің 86 оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыс қаласының мектеп бітіруші түлегі Айсұлтан Алтынбекке шетелдік оқу орындары 4,6 миллион доллар көлемінде грант ұсынып отыр. IT саласын таңдаған Айсұлтанның арманы асқақ. Ол дүниежүзіндегі озық университеттерде білім алып, болашақта өзі сияқты талапкерлерге арналған платформа жасағысы келеді.

Арыстық ағылшын, түрік, неміс тілдерін жетік біледі. "24.kz" телеарнасының ақпаратынша, талапты жас болашақта компьютерлік ойын дизайнын жасап, құрастырушы болғысы келеді.

"Көбінесе Америкадан келді. Қазіргі таңда нақты 86 шақырту бар. Әлі күнге саны өсіп жатыр. Негізінде нақты мамандығым IT саласы болғандықтан, Италия немесе Малазия мемлекеттерін жөн көріп жатырмын. Ұтқан сумма тек қана оқу ақысын жаппай, жатақхана, тамақ және төрт жыл уақытқа және қосымша гаджеттерді беруге мүмкіндік береді".Айсұлтан Алтынбек, 11-сынып оқушысы

Айсұлтаннан бөлек, бұл мектептің тағы бірнеше оқушысы шетелдік университеттерден шақырту алған. 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек 50 университеттің грантына ие болса, тағы 8 оқушы осындай жетістікке қол жеткізген. 

Бұған дейін Тәжікстанда желідегі лүпіл үшін қылмыстық жауапкершілік жойылғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: