Тәжікстанда желідегі лүпіл үшін қылмыстық жауапкершілік жойылды

Тәжікстанда 14 мамырдан бастап әлеуметтік желілердегі лайктар мен басқа да реакциялар үшін қылмыстық жаза жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті заңға ел президенті Эмомали Рахмон қол қойды. Тәжікстанда 2018 жылы лүпілдер мен әлеуметтік желілердегі басқа реакциялар үшін қылмыстық жаза енгізілген болатын. Артынша республикада "террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға және (немесе) террористік әрекетті жария түрде ақтауға жария түрде шақыру" туралы заңға түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, заң мәтініне "интернет желілері" деген сөз тіркесі қосылды.
2024 жылы президент Рахмон әлеуметтік желілерді лайк үшін, сондай-ақ әлеуметтік медиа материалдарын дәлел ретінде пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғау тәжірибесін сынға алған болатын.
Бұған дейін Макронның Франция енді Украинаға қару бере алмайтынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript