Тәжікстанда тағы жер сілкінді

Тәжікстан, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 15:28 Сурет: pixabay
23 ақпанда Тәжікстанда Алматы уақытымен 14:01-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде орналасқан. Бұл жөнінде Тәжікстан аумағында орналасқан. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 11,0;
  • MPV магнитудасы: 5.0;
  • эпицентр координаттары: 38,21° с.е., 73,75° ш.б.;
  • тереңдігі: 15 км;
  • сезілгені жөнінде ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

23 ақпан күні Алматы уақытымен 06:37-де Тәжікстанда магнитудасы 7,0-ге тең жер сілкінісі болды, жерасты дүмпуі Алматыда да сезілді.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: