Грузияда жер сілкінді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 16:35 Сурет: wikimedia
Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жер асты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14:07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан.

3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14:21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді.

Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: