Қазақстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта Қазақстан мен Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың есептік қарқындылығы Тараз бен Шу қаласында екі баллды көрсеткен. Ал, ауылдарда:
- Мерке ауылы 5.0 б.
- Кұлан ауылы 4.0 б.
- Төле Би ауылы 2.0 б.
- Сарыкемер ауылы 2.0 б.
- Қордай ауылы 2.0 б.
- Аса ауылы 2.0 б.
- Мойынкұм ауылы 2.0 б.
"Алматы қаласында сезілмеді", – деп нақтылады алматылық сейсмологтар.
Қырғызстанның сейсмологиялық сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Бішкекте жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 баллды құрады.
Қазіргі уақытта екі елде де зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түспеген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript