Макрон Франция енді Украинаға қару бере алмайтынын мәлімдеді

Президент Эммануэль Макрон, Франция өзінің қорларынан Украинаға әскери техника мен жабдықтарды жеткізу мүмкіндіктерін толық пайдаланды және өз қауіпсіздігіне зиян келтірмей, жеткізілімдерді арттыра алмайды деп мәлімдеді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
TF1 телеарнасының дерегінше, президент оның елі Киевке көптеген снарядтар мен әртүрлі техникаларды, соның ішінде артиллериялық жүйелерді бергенін айтты.
"Біз Украинаға қолда бардың бәрін бердік. Бірақ өзіңде жоқ нәрсені өзгеге беруге болмайды. Біз өз қауіпсіздігіміз үшін қажет нәрсені өзімізден шектей алмаймыз", – деп атап өтті Макрон.
Бұған дейін Зеленскийдің Путинмен Түркиядағы келіссөздерде жеке кездесуге дайын екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript