Макрон әйелінен неге шапалақ "жегенін" түсіндірді

Эммануэль Макрон, Бриджит, ұшақ, шапалақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 18:43 Сурет: Instagram/elysee
Франция президенті Эммануэль Макрон ұшақтан түсер алдында өзінің әйелінен неге шапалақ "жегенін" түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон желіде жылдам тарап кеткен видеодағы Вьетнамға келіп қонған ұшақ трапы алдындағы Брижиттің әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Ол жерде әйелі алақанымен күйеуінің бетін басады. Ал Макрон одан басын ала қашқандай болады. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, түрлі болжамдар мен теориялар тудырды.

Ханойда сөз алған Макрон бұл әйелінің еркелеп, өзімен "ойнау әрекеті" екенін айтты, сөйтіп жеке бас жағдайын саяси дауға айналдырғысы келгендерді сынады.

"Қандай да бір жолмен бір уақытта бұл геопланетарлық апатқа айналады ғой, тіпті адамдар оны түсіндіру үшін өз теорияларын алға тартыпты", деп келтіреді CNN саясаткердің сөзін.

Видеода ұшақтың есігі ашылғаннан кейін алдымен Макронның сұлбасы көрінеді, бір уақытта Бриджит алақанын оның бетіне тигізіп, тіпті өзін итеріп жібереді. Президент оған аң-таң болып қарап, содан соң баспасөз өкілдеріне қолын бұлғайды. Сөйтіп ұшақтан түсу үшін әйеліне қолтықтасуды ұсынады. Бірақ әйелі ұшақ баспалдағының жақтауын ұстауды жөн көреді.

Бұған дейін Түркияда сұлтан Сүлейменді сомдаған актер сотталғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: