Ыстамбұлдағы наразылықтар: сұлтан Сүлейменді сомдаған актер сотталды

Сұлтан Сүлеймен, Түркия, Ғаламат ғасыр, сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 10:47 Сурет: Facebook/Турецкие сериалы
Сұлтан Сүлейменге арнайы түсірілген, түріктің ең танымал сериалы - "Ғаламат ғасыр" фильмінде басты рөлді сомдаған актер сотталды. Ол Гези саябағындағы наразылық акциясы ісі бойынша қамауға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстамбұл соты сұлтан Сүлеймен рөлін сомдаған актер Халит Эргенчті сот барысында жалған куәлік бергені үшін 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Anadolu.

Басылымның хабарлауынша, сот бастапқыда танымал актерға 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған, алайда Эргенчтің сот процесінде өзін-өзі жақсы ұстап, сотқа құрметпен қарағаны ескеріліп, жаза мерзімі қысқартылды. Кейінірек сот актердің соттылығы жоғын ескере отырып, үкімді жариялауды кейінге қалдырды. Осылайша Эргенч шартты түрде сотталды.

Халит Эргенч 1970 жылы 30 сәуірде Ыстамбұлда өнер адамдары отбасында дүниеге келген. Ол 1989 жылы Бешикташтағы Ататүрік орта мектебінде білім алып, теңіз инженері мамандығына Ыстамбұлдағы техникалық университетке оқуға түседі. Ол Мимар Синан атындағы өнер университетінің оперетта және музыкалық театр факультеттін тәмамдағанн. Оның компьютер операторы және маркетолог болып та жұмыс істеген күндері болған. Аджи Пеккан және Леман Сэм қатарында бэк-вокалист және биші де болған. 

1996 жылы Эргенч Дормен театрында өнер көрсете бастайды және - "Король және мен" мюзиклінде өзінің алғашқы басты рөлін сомайды. Ол "Кара Мелек" телехикаясында ойнап, теледидардан да алғаш рет осылай таныла бастайды. 2011 жылдан 2014 жылға дейін ол танымал Muhtesem yüzyil сериалында Ғаламат Сүлеймен рөлін сомайды.

Эргенч 2013 жылы Гезидегі наразылық акциясына қатысып, мұнысы газет беттерінде жариялады. Ондағы суретте ол Боб Марлидың суреті бейнеленген футболка мен көзден жас ағызатын газдан қорғану үшін хирургиялық маска киген. Оның бұл әрекеті көптің қатты қызығушылығын тудырады, өйткені ол бір уақытта Осман империясының көрнекті тұлғасын сомдай отырып, сонымен бірге сол Османлы даңқын дәріптеуге басымдық беруші үкіметтің әрекеттеріне наразылық білдірді. Кейіннен Эргенч басқа мәдени қайраткерлермен бірге Түркия премьер-министрі Тайып Ердоғанмен кездесуге шақырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: