"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса уақытша Қазақстаннан кетті

Актриса Альмира Тұрсын, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 21:44 Сурет: Instagram/almiratursyn
"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актриса Альмира Тұрсын демалысын Вьетнамда өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы актрисаның Қазақстаннан уақытша кеткені Instagram парақшасынан белгілі болды. Альмира желіде жағажайда түскен бірнеше фотосын жариялаған.

"Демалыстық көңіл-күйі жалғасып жатыр! Вьетнамға үшінші рет келіп отырмын! Мұнда бәрі әдемі әрі тыныш! Маған климаты, теңізі, мейірімді адамдары, сервисі, баға мен сапаның үйлесімі ұнайды!" - деп жазды Тұрсын 2025 жылғы 1 тамыздағы жазбасында.

Желі қолданушылары Альмираның сұлулығына тәнті болып, түрлі жылы пікірлер қалдырған:

  • Томирис.
  • Өте әдемі.
  • Табиғи сұлулық!
  • Қандай көрікті! Табиғи қалпындағы әйел – әрдайым керемет.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: