Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 15:30 Сурет: Facebook/teatr.musrepov
"Менің атым Қожа" фильмінде "Жанарды" сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы хабар актриса еңбек еткен "Ғабит Мүсірепов" театрының Facebook парақшасында 12 қыркүйек күні жарияланды.

"ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және "Еңбек ардагері" медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті",- делінген театрдың қазанамасында.

Күләш Қажығалиева 1942 жылы 9 маусымда Алматы облысы Үйгентас ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді.

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған актриса Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" – Жанар , "Қызыл сұңқарлар"-Маруар , Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" – Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" – Кемпір, "Ақ кеме" – Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға толғанда" – Ғани, Ә.Тарази "Жақсы кісі"-Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" – Марфа, "Ауылдан келген ару" – Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" – Әже, А.П.Чехов "Шағала" – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

12 қыркүйекте ресейлік тележурналист Николай Сванидзе қайтыс болғаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: