Балалық шағымыз үшін рақмет: Димаш танымал актердің қазасына байланысты көңіл айтты

Балалық шағымыз үшін рақмет: Димаш танымал актердің қазасына байланысты көңіл айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 10:20 Сурет: ru.dimashnews.com
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 28 желтоқсанда, өзінің Instagram парақшасында Нұрлан Сегізбаевтың суретін жариялады.

"Қош бол, Қожа. Балалық шағымыз үшін рақмет. Жаныңыз жәнатта болсын Нұрлан аға",- деп жазды Димаш.

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Бұған дейін қазақ киносының "Қожасы" – Нұрлан Сегізбаевтың 2025 жылғы 27 желтоқсанда қайтыс болғанын жазғанбыз.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: