Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс елдері Украинаға ұшақ пен танк бермейді – Макрон

Украина, Ресей, Франция, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 09:16 Сурет: Instagram/zelenskiy_official
Батыс елдері арасында Ресеймен қақтығысқа түспеу үшін Украинаға танктер мен шабуыл ұшақтарын бермеу туралы келісім бар. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны ол журналистерге Украина, Германия, Румыния және Италия басшыларымен кездесуден кейін айтты, деп жазды Укринформ.

Сіздер бейресми келісім туралы айтып отырсыздар, бірақ бұл НАТО-дағы серіктестердің ресми ұстанымы десе болады, біз Украинаға өзін қорғауға көмектесеміз, бірақ біз Ресеймен соғыспаймыз. Сондықтан шабуылдаушы ұшақтар немесе танктер сияқты кейбір қару-жарақтарды жеткізбеуге келістік және президент Зеленский бұл келісімнен хабардар. Франция президенті Эммануэль Макрон

Макрон Франция Украинаға негізінен оқ-дәрілермен және «қару-жарақтың кейбір түрлерімен» көмектесіп жатқанын, сонымен қатар 12 САУ Цезарьмен қамтамасыз ететінін айтты.

Эммануэль Макрон сондай-ақ Украинаны Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлемеуге уәде берді. Оның айтуынша, Украина билігі Кремльмен диалогтың шарттарын жеке өзі анықтауы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: