Жаңалықтар тізбегі
0

«Алтын белгі» иегері ҰБТ-дан төмен балл алса, директор жұмыстан шығарылуы мүмкін

ҚР Білім министрлігі, "Алтын белгі", мектеп директоры, балл, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 16:50 Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру қорытындысы бойынша биыл қандай жаңалықтар енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Биылғы ҰБТ тапсыру тәртібіндегі алғашқы жаңалық «Алтын белгі» иегерлеріне қатысты болды.

Егер оқушы «Алтын белгі» алса, бірақ ҰБТ-дан өте төмен балл жинаса (кейбіреулері 50 балл жинай алмаса), мұндай жағдайда мектеп басшылығын жауапқа тартуымыз керек. Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығы жұмыстан шығаруға дейін тікелей жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Ведомство басшысы бұл іс министрліктің бақылауында болатынына уәде берді.

Министрдің айтуынша, тағы бір жаңалық ҰБТ нәтижесі бойынша мектептер мен өңірлердің рейтингі мәселесіне қатысты болады.

Бізде ҰБТ нәтижесі бойынша мектептер немесе өңірлер бойынша рейтинг болмайды, соңғы жылдары болған да емес, жүргізілмеді. Бірақ соған қарамастан, келіскеніміздей, мектеп оқушыларының қай тақырыпта қиналып жатқанын анықтау мақсатында биыл алғаш рет тақырыптық талдау жүргіземіз. Бұл рейтинг емес – мұндағы міндет білім беру бағдарламаларын, біліктілікті арттыру курстарын қайта қарау болып тұр.Асхат Аймағамбетов

26 сәуірде 2022 жылғы мектеп түлектерін өзгерістер күтіп тұрғаны белгілі болды. «Алтын белгі» үміткерлері тек Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) білімін растай алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: