ШҚО-да елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды

ШҚО аумағында елік атқан браконьер сот үкімімен бір жарым жылға сотталып, пробация есебіне алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елік атқан адам мемлекетке 2 500 000 теңгеге жуық материалдық залал келтірді деп танылды. Қылмыстық құқықбұзушылыққа барған ер адам алдағы бір жарым жылда пробация бақылауында болады, - деді ШҚО ҚАЖД Зайсан аудандық пробация бастығы, әділет майоры Ермек Енсенов.
Жаза өтеу кезінде сотталушы тарапынан құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Бөлісу
0
Толық оқу