Қазақстанның конституциялық реформасы Оңтүстік Кореяда оң бағаға ие болды

Дөңгелек үстел Сурет: gov.kz
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінде БКБ режимінде алдағы жалпыұлттық референдумға шығарылған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтырулар жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған жергілікті қоғамдық-саяси және бизнес топтар, сарапшылар қоғамдастығы, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның елшісі Бақыт Дүйсенбаев ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді және саяси реформалардың басты бағыттарын, атап айтқанда, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыру, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту сияқты бағыттарын атап өтті.

Корея жұртшылығының өкілдері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың елдегі саяси процестерді демократияландыру жөніндегі оң реформаларын атап өтіп, аталған барлық жаңалықтардың Қазақстан Конституциясына сәтті енгізілетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Корея Республикасының ұлттық билік институттарын демократияландырудағы оң тәжірибесі және корей тарапының Оңтүстік Корея тәжірибесімен одан әрі бөлісуге дайындығы атап өтілді.

«Корея Республикасы қоғамды демократияландыру үдерісінде үлкен жолды бастан кешірді және біз ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтқан барлық реформаларды оң бағалаймыз. Біз өз тарапымыздан Оңтүстік Кореяның мемлекеттік жүйені реформалау және азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайту жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті Корей Еуразиялық қоғамының президенті, Ханшин университетінің профессоры Пак Сан Нам.

Сонымен қатар, Хангук шет тілдер университетінің (HUFS) Халықаралық өңірлік зерттеу орталығының профессоры Ли Гван Тэ Қазақстанның азаматтық қоғамды плюрализациялауға және саяси партиялар құру тәртібін жеңілдетуге бағытталған реформалары елдің одан әрі дамуына сөзсіз ықпал ететінін атап өтті.

Жалпы, оңтүстіккореялық сарапшылар жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған Қазақстан басшылығының реформаларына оң баға берді. Сондай-ақ, аталған реформалардың екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай енгізіліп отырылғанын және оның екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына септігін тигізетінін атап өтті.

Бейнебайланыс

Сурет: gov.kz

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз