Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер: арнайы жұмыс тобы құрылады
Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланған.
1. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын.
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдасын.
16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Одан кейін Жолдаудың ерекше мәні барын және бір жылмен шектелмейтінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript