СҚО-ға қоныс аударушыларға арналған үйлерді тексеретін жұмыс тобы құрылды

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2021 16:35 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жұмыс тобы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қоныс аударушыларға арналған баспана құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың барлық шағымдарын қарап, салынған үйлерді тексереді және сараптамалық қорытынды жасайды. Оның қорытындысы бойынша сапасыз орындалған жұмыстар түзетіледі.

Жұмыс тобы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: