Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрі полиция басшыларын тағайындады

ҚР ІІМ, тағайындау, полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 09:00 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінде Түркістан облыстық полиция басшыларының орынбасарлары мен елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды.

Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

  • Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

  • Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

  • Нұр-Сұлтан қаласы ПД Байқоңыр ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетерлігі, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: