ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында бірқатар тағайындаулар болды
Ішкі істер министрлігінің басшылығы орталық аппарат пен облыстық деңгейдегі полиция қызметінің басшылары лауазымдарына үміткерлерді зерделеді. Ұсынылған үміткерлердің әрқайсысы жеке қаралды. Бұл қызметкерлерді тағайындаудың жаңа форматы. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек
Ол министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары, сондай-ақ қызмет басшылары лауазымдық қызметтегі жетістіктерді, кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылағанын айтты.
Кандидаттарды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша министрдің бұйрығымен бірқатар тағайындаулар жүргізілді:
Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына;
Қажы-Ғали Имажанов Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы лауазымына;
Алекешев Шыңғыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына;
Дамир Тайжанов Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметіне;
Рүстем Тұңғышбаев Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне.