Жаңалықтар тізбегі
0

23 мектеп директоры кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік қызметкер, кәсіпкерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 11:21 Сурет: Zakon.kz
Кәсіпкерлік қызмет саласына және басшылық тарапынан қабылданбаған шараларға байланысты Алматы облысында 28 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент қызметі 17 мамырдағы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (ӘҚБтК-нің 154, 680-баптары бойынша) 28 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Мысалы, ӘҚБтК-нің 154-бабына сәйкес «кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған адамның осындай қызметпен айналысуына» байланысты Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның кірістері тәркіленіп, 200 АЕК көлемінде (612 600 теңге) айыппұл салынды.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Ведомствоның мәлімдеуінше, дәл осы баппен облыс бойынша 23 мектеп директоры кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта, білім беру мекеме басшыларының барлығына 200 АЕК яғни, 612 600 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Департамент басқармасының басшысы Асқар Садықовтың айтуынша, Алматы облысының 4 мекеме басшысына ӘҚБтК–нің 680-бабы (Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауына) бойынша әрқайсысына 50 АЕК (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: