Қарағанды облысында тауар бағасын бақылау күшейтілді

Маркировка товаров, маркировка товара, штрихкод, штрихкоды, код товара, серийный номер, код проверки, сканер для маркировки, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 14:17 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында 15 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 900 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

Тексеру барысында кәсіпкерлер сүт, күріш, тауық еті, күнбағыс майы сынды тауарларды шекті бағадан жоғары сатқандығы анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Осыған байланысты Қарағанды облысында азық – түлік бағасына бақылау күшейтілді.

Өңірде 4 мыңнан астам бөлшек саудамен айналысатын сауда желілері мен дүкендер бар.

Мамандар кәсіпкерлік нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Оның ішінде 6 көтерме жеткізуші, 4 супермаркет және 5 шағын дүкен болып табылады. Бұл жерде айта кетерлігі қазіргі осы заңнама аясында заңды бұзған кәсіпкерлерге бұрынғыдай ескерту деген жоқ. Бірден фактілер анықталған жағдайда айыппұл салынады. Мәселен алма бойынша көтерме жеткізуші оны 300 теңгеден алып, оны 710 теңгеден сатқан. Абзал Рахымбаев, облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: