Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы прокурорлары 17 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алуды тоқтатты

Мемлекеттік сатып алу, сатуды тоқатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 09:57 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 17 млрд. теңгеден астам сомаға 46 конкурс жойылды, 10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн.теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған.


"Осы жылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік- балдық жүйе (РБЖ) қолданылады." Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады.

"Сонымен қатар, Алматы қаласы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды." Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурс тоқтатылды, мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің тең шарттарын сақтай отырып, қайтадан өткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: