Бозжыра шатқалындағы тест-драйв қазақстандықтардың ашуын тудырды

Бозжыра, бұзақылар Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде «Бозжыра» шатқалы маңында жол талғамайтын көлікті сынақтан өткізген кезде түсірілген видео тарады. Ол Қазнет қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео маңғыстаулық Азамат Сәрсенбаев есімді блогердің парақшасында пайда болды. Кадрларда жол талғамайтын көлік аймақты айналып жүреді. Ал сонда жүрген бір азамат балғамен жердегі тасты ұрып, жолды түзеп жатқаны көрінеді.

Желі қолданушылар видеоны көріп, наразы болып жатыр:

  • Ұйымдастырушылар қайда? Қорықтарға осылай қарауға неге жол береді? Миллиондаған жыл бойы бәрі қол тимеген күйі тұрып еді. Енді оны бқза бастады. Дұрыс емес қой.

  • Мына істеп жүргендері ұят емес пе?

  • Бір күнді ғана ойлап өмір сүреді. Өздерінен соң не болса да, бәрібір!

  • Табиғатымызды бұзбаңдар!

Облыстық полицейлер сынақ жүргізуді ұйымдастырғандар мен жүргізушіні тапқанын хабарлады.

2022 жылдың 16 мамырында желіде блогерлер Бозжыра шатқалының жанында жаңа жол талғамайтын көлікті сынақтан өткізген видео пайда болды. Қазір ұйымдастырушылар мен жүргізушінің жеке басы анықталды. Мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз