Жаңалықтар тізбегі
0

Бақылау-касса машиналары: чек беру кімдерге міндеттеледі

Бақылау-кассалық машина, кәсіпкер, Салық комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 09:59 Сурет: pixabay
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машиналарын кімге міндеттелетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдау тәртібі Салық кодексінің 165-169 баптарында айқындалған. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

Осылайша, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде барлық салық төлеушілер БКМ қолдануға міндетті.

Мына тұлғалар БКМ қолданудан босатылған:

  • жеке тұлғалар;

  • жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар;

  • уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

  • қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;

  • екінші деңгейдегі банктер;

  • діни бірлестіктері;

  • ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары;

  • арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.

Қызметін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде жүргізетін кәсіпкерлер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ БКМ қолданады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитет өкілінің айтуынша, төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен, банктік шотқа аудару жолымен жүзеге асырған жағдайда БКМ қолдану бойынша міндеттеме туындамайды.

Бұл ретте БКМ қолданбаған кезде ҚР ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осындай заң бұзушылық бірінші рет жасалса, «ескерту» беріледі. Егер бір жыл ішінде қайталанып жасалса, онда салық төлеушінің кәсіпкерлік өлшемділігіне (шағын, орта, ірі) байланысты 15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұл салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: