Жаңалықтар тізбегі
0

Салық есебін толтырғанда кәсіпкерлер қандай қателіктер жібереді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық есебі, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 14:49 Сурет: pixabay
Камералдық бақылау дегеніміз не, салық есептілігін толтырғанда салық төлеушілері қандай қателіктер мен бұзушылықтарға жиі жол беретіні туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді қолданып жатыр, солардың бірі – камералдық бақылау. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Ведомство өкілдерінің айтуынша, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуі салдарынан салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі. Сол себепті камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге мынандай қателер жатады.

Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:

  • шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;

  • тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;

  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді.

Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:

  • декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;

  • нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу;

  • бірдей декларациялардың қайталап жіберу;

  • өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).

Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:

  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;

  • чектерді қате сомалармен басу;

  • чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.

Осылайша, салық төлеушілердің мекенжайына жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық міндеттемелерін декларациялау кезінде мұқият болуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: