МКК камералдық бақылау хабарламаларын алған азаматтарға не істеу керектігін айтты
2024 жылдың басынан бастап камералдық бақылау хабарламаларын орындау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Енді салық төлеушінің орташа тәуекел деңгейіне жатқызылған хабарлама бойынша кез келген әрекеті түсіндірме беру немесе қосымша салық есептілігін тапсыру — камералдық бақылау процесінің аяқталуы болып саналады.
Алайда, егер салық төлеуші бұзушылықтардың болмау себептерін ашпаса немесе анықталған бұзушылықтарды жоймаса, салық органдары ҚР Салық кодексінің 142-бабының ережелеріне сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Жоспардан тыс тексеру жүргізер алдында салық төлеушіге салықтық тексеруді тағайындау туралы алдын ала шешім жіберіледі. Осы рәсім шеңберінде ӘРПК нормаларына сәйкес тыңдау жүргізіледі, оның барысында салық төлеуші өз ұстанымын ұсынуға мүмкіндігі бар.
МКК мұндай шаралар өз нәтижелерін беріп үлгергенін нақтылайды.
"Қазіргі уақытта ресми түсіндірме берген немесе бұзушылықтарды жоймаған 12 мың салық төлеушінің 5,5 мыңы тыңдау кезеңінде анықталған бұзушылықтармен келісіп, 26 млрд теңге сомасына салық есептелді. Ескертулерді елемеген немесе салық заңнамасын жүйелі түрде бұзған салық төлеушілерге қатысты 75 тексеру жүргізілді, онда 1,8 млрд теңге сомасына салықтар қоса есептелді, сондай-ақ жалпы сомасы 138,5 млн теңгеге айыппұлдар салынды", делінген хабарламада.
МКК салық төлеушілерге камералдық бақылау талаптарына мұқият қарауға, хабарламаларға уақтылы жауап беруге және анықталған бұзушылықтарды жоюға шақырады.