12 қарашадағы саудада доллар қымбаттады

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2024 15:30 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 12 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,68 теңгеге көтеріліп, 494,95 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,35 теңгеге дейін өсті (+0,02).

Ақша айырбастау орындарында доллар 495,3-497,3 теңгеге, еуро 525-529,5 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,11 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 12 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,24%-ға өсіп, барреліне 72 долларды құрады.

Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,25%-ға өсіп, барреліне 68,21 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 492,65 теңге, еуроны 525,71 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: