Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды

Қазақстан оқушылары гимназиадада, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 10:21 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Өткен аптада Қазақстан оқушылары алғаш рет дүниежүзілік гимназиадаға аттанған еді. Білім және ғылым министрлігі барлығы 234 оқушыны Францияға шығарып салған. Ал бүгінде олар 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан биыл алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып жатыр. Олар әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сонымен бірге дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды.

Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-дағы арнасында қуанышты жаңалықты хабарлап, оқушыларды жеңісімен құттықтады.

Барлық жеңімпазды лайық жеңісімен құттықтаймын! Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сонымен қатар қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Әуежайдан шығарып салғанда сіздердің ұмтылыстарыңызды, талпыныстарыңызды байқадым. Алдағы ойындарда жеңістер тілеймін! Туған жерде сіздерді асыға күтіп, барлығы жанкүйер болып отырғанын ұмытпаңыздар.Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов оқушылар Қазақстанды халықаралық деңгейде абыроймен танытуы үшін алдағы уақытта да жағдай жасай беретінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: