Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 8 медаль жеңіп алды

Халықаралық Менделеев олимпиадасы Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) офлайн форматта өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.

Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешевтің айтуынша, Білім және ғылым министрлігі оқушыларға басқа елдердегі құрдастарымен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Мысалы, кеше ғана Қазақстан оқушылары алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға аттанды.

Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Қазақстан құрамасын ел ішіндегі олимпиадалардың «елегінен» өткен оқушылар таныстырды. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды. Сондай-ақ олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері. Айта кетейік, биыл біз команданы үздіктердіі үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Айта кетейік, химия пәні бойынша оқушылардың Халықаралық Менделеев олимпиадасы – жыл сайын жүздеген талантты химиктердің басын қосатын сайыс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: