Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қытай радиоактив қалдықтарын заңсыз тасымалдауға қарсы бірлесіп күресуге келісті

радиоактив қалдықтары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 11:09 Сурет: pixabay
Сенат депутаттары Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Ядролық, радиоактив материалдарын, радиоактив қалдықтарын және радиациялық қауіпті заттарды заңсыз тасымалдануына жол бермеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Осы келісімді ратификациялау ядролық, радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың, радиациялық қауіпті заттардың заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында кедендік бақылау саласындағы тараптардың ынтымақтастығын кеңейтеді және тереңдетеді. Атап айтқанда: заманауи технологияларды енгізу және бірлескен жаттығулар мен семинар-тренингтер.ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министрдің айтуынша, құжат тараптардың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық мониторинг жүргізу және азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы тараптардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етеді.

Келісімнің тағы бір мақсаты – тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сай тасымалдауға тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды тараптар мемлекеттерінің аумағына әкелуге жол бермеу.

Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасының импорт елiнде белгiленген нормалардан асатын радиациялық фоны бар жүктер мен көлiк құралдарын тасымалдауға қатысты талаптары сақталмаған жағдайда мұндай тауарларды мемлекеттiң аумағына әкетуге және екінші тараптың қатысуына жол берілмейді.ҚР Қаржы министрлігінің басшысы

Келісім сонымен қатар тараптар екінші тараптың аумағынан алынған тауарлар мен көлік құралдарының иондаушы сәулелену деңгейіне қатысты аспаптардың әртүрлі көрсеткіштерін анықтаған жағдайларда бірлескен радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін анықтайды.

Осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмау рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және неғұрлым тиімді құқықтық реттеуге ықпал етеді. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.Ерұлан Жамаубаев

Сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында аталған келісімді ратификациялау:

  • ядролық, радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың, радиациялық қауіпті заттардың заңсыз қозғалысына жол бермеу мақсатында тараптардың кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді;

  • Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық материалдардың, радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың және радиациялық қауіпті заттардың заңсыз қозғалысына жол бермеу тәртібіне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және тиімді құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

Депутаттар келісімді ратификациялауға дауыс берді. Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: