Сенат ТМД-ның салық саясатының келісілген принциптері туралы келісімін тоқтатты

ҚР парламенті сенаты, ҚР Қаржы министрлігі, ТМД, Салық саясатының келісілген принциптері Сурет: pexels
Сенаторлар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы салық саясатының келісілген принциптері туралы келісім қолданысын тоқтатуды қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Хаттаманың негізгі мақсаты – бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тарапынан Келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтінімнің болмауына, сондай-ақ оның ережелері қазіргі уақыт жағдайының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Келісімнің қолданысын тоқтату. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министрдің айтуынша, 1992 жылғы 13 наурызда ТМД-ға қатысушы тоғыз мемлекеттің үкіметтері келісімге қол қойды. Келісімнің нормаларына сәйкес Тараптар салық салу қағидаттары мен ережелерін біріздендіру негізінде келісілген салық саясатын жүргізуге және Достастыққа кіретін барлық мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын негізгі салықтардың бірыңғай тізбесін қолдануға келіскен болатын.

Дегенмен, Келісімді тек төрт мемлекет (Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасы) ратификациялады. Келісімге қатысушы бес мемлекет (Армения, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина) Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтаған жоқ. 2017 жылғы 8 қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының Үйлестіру кеңесінің отырысында Келісімнің қолданысын тоқтатудың орынды екені туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2021 жылғы 4 наурызда Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды. Ерұлан Жамаубаев

Қаржы министрі бүгінгі күні салық қызметтерінің шетел мемлекеттерімен, оның ішінде ТМД елдерімен өзара іс-қимылы келесідей халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз