Жаңалықтар тізбегі
0

ТМД елдері арасындағы салық саясатының қағидаттары туралы келісімді тоқтату Мәжіліске енгізілді

Парламент, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 10:34 Сурет: primeminister.kz
2022 жылғы 28 наурыздағы №167 қаулысымен парламентінің мәжілісіне ТМД қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы), ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №167 қаулысымен ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.

Қаралып отырған Хаттама «ТМД шеңберінде жасалған көпжақты шарттардың қолданысын тоқтату туралы құжаттардың жобалары туралы» ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен мақұлданды және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтатуға бағытталған.

ҚР Үкіметінің ақпараты бойынша осы Хаттаманы қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының бір отырысы және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Салыстырма кесте нақтылау сипатында қабылданған 2 түзетуден тұрады. Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері Заң жобасына оң қорытындыларын берді. Баяндалғанның негізінде, Қаржы және бюджет комитеті

«1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдау ұсынымымен оны ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп есептейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: