Еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа райы болжамы, ауа райы, Алматы, Шымкент, Семей, Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, бұршақ, жауын, нөсер Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында – шаңды дауыл, батыста түнде тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында – найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Орталықта, Қостанай облысының шығысында – күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында – найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрып, желдің күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады, түнде облыстың батысында – тұман түсіп, жел күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде – найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында – шаңды дауыл, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында – жел күшейеді.

Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел күшейеді.

Павлодар, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз