Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ауа райы бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 11:10 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға таяу республиканың солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК

Республика бойынша күн күркіреп, бұршақ жаууы, бұрқасын, желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: