2030 жылға дейін елімізде 35 аурухана салу жоспарланып отыр

аурухана, палата, медицина Сурет: akorda.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық жобалар департаменті директорының міндетін атқарушы Әмина Жемакишева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте елімізде салынатын медицина орталықтары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескірген инфрақұрылыммен және әсіресе ауылдық деңгейдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қол жетімділікпен байланысты негізгі проблемалық мәселелерді Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарларын іске асыру шеңберінде кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

2030 жылға дейін Өңірлік даму жоспарлары аясында 972 МСАК нысанын, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 35 жаңа аурухана салу және ашу, сондай – ақ жұмыс істеп тұрған 1 033 аурухана мен емхананы күрделі жөндеу жоспарланған, - деді Әмина Жемакишева.

Инвестициялық жобалар департаменті директорының міндетін атқарушы салынған нысандар барлық өңірдегі халыққа жоғары технологиялық, білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сонымен қатар «Әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 20 Денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми-инновациялық орталықты салу және жаңғырту көзделген.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз