Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзушының электронды білезігі шешіліп, қолына кісен салынды

Сот залы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 22:01 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өскемен қаласы Солжағалау ауданының пробация қызметінің қызметкерлері жаза өтеуден жалтарған пробация қызметінің есебіндегі тұлғаны жеті айға темір торға қамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО-да осы апта басынан бері "Есепте тұрған" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, оған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеріп жатыр.

Ашық сот отырысына жазасын өтеп жүрген басқа да сотталғандар қатысып, жаза өтеуден жалтарған кезде оның арты неге апарып соғатынын өз көздерімен көрді. Бұл олар үшін айқын сабақ.

Бұл сотталған бұрын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Осыған байланысты оның аяғына электронды білезік тағылып, қадағалау да болды. Электронды білезіктің арқасында жаза өтеуден қасақана жалтарған тұлғаны сот процесіне ұстап әкеліп оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Осы сотталғанның ісін қарау барысында сотта прокурор қатысып, Солжағалау аудандық пробация қызметінің ұсынысын қолдады, соның нәтижесінде сотпен ұсыныс қанағаттандырылды. Сот қаулысы жарияланғаннан кейін сотталушыдан электронды білезік шешіліп, қолына кісен тағылып, сот залынан қамауға алынды. ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Гүлжан Тәткенова

Айта кету керек, бұл инновациялық технологиялар пробация қызметінің жұмысында енгізілген жаңалықтың тиімділігін бірінші рет көрсетіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: