Астанада пробация қызметі жазаны өтеу тәртібін бұзған 200-ге жуық тұлғаны анықтады

Пробация қызметі, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 13:17 Сурет: ҚАЖД баспасөз қызметі
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі жазаны өтеу тәртібін бұзған 200-ге жуық тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара кезінде Астана қаласы бойынша аумақтық пробация қызметі мен полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып, сотталғандардың ата-анасы мен басқа да тұлғалармен профилактикалық әңгіме-сұқбат жүргізді.

Сондай-ақ:

  • есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 2000 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді;
  • сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметкерлерінің рұқсатынсыз мекенжайын өзгерткен 100-ге жуық тұлға тұрғылықты мекенжайы бойынша ауыстырылды;
  • 50 ден аса сотталғанның тіркеуі болмағаны анықталып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды;
  • бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталды, яғни сот үкімі бойынша белгіленген сағат 22:00-ден кейін тұрақты мекенжайында болмау, тұрғылықты мекенжайынан пробация қызметін хабарламай көшкені үшін 50-ден астам сотталғанға ескерту жарияланды.
"Сол секілді 50-ге жуық сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа жадығаттар жолданды", - деді Есіл аудандық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Ақжол Шардарбеков.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: