Астанада 300-ге жуық пробация есебіндегі тұлғалар жаза өтеу шартын бұзғаны анықталды
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында қаласы елордалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп "Құқықтық тәртіп" атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде 300-ге жуық пробация есебіндегі тұлғалар жаза өтеу шартын бұзғаны анықталды.
Сондай-ақ іс-шара кезінде Астана қаласы бойынша аумақтық пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып, сотталғандарға оң ықпал ететін ата-анасы және басқа да тұлғалармен профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізді.
Одан бөлек мынандай іс-шаралар атқарылды:
- есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 2763 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді;
- сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметкерлерінің рұқсатынсыз мекенжайын өзгерткен 97 тұлға тұрғылықты мекенжайы бойынша ауыстырылды;
- жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 74 сотталғанның тіркеуі болмағаны анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды;
- бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталды, яғни сот үкімі бойынша белгіленген сағат 22:00-ден кейін тұрақты мекенжайында болмау, тұрғылықты мекенжайынан пробация қызметін хабарламай көшкені үшін 170 сотталғанға ескерту жарияланды;
- 31 сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа жадығаттар жолданды.