Оқушылар келер жылдан бастап тағы бір жаңа пән оқитын болды

Қазақстандық мектептерде «Еңбекке баулу» жаңа пәні пайда болады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Еңбек тәрбиесінің маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні енгізіледі. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов
Жоба бойынша мектептер жанынан жылыжай ашу көзделген. Вице-премьердің айтуынша, қазірдің өзінде мектептердің шамамен 7 пайызында мұндай тәжірибе бар.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын таңдауына көмектесу үшін мектептерде алғаш рет мамандыққа баулу мұғалімдері жұмыс істей бастайды.
Бөлісу
0
Толық оқу