Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбазды елордалық дәрігерлер тексеретін болды

Ақтау, сарбаз, астана, дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 17:09 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілетін болды. Оны енді елордалық дәрігерлер тексереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы Талғат Айтмұханов әскери ауруханаға пойызбен жеткізіледі, деп жазды 24.kz сайты. Бұл туралы журналистерге сарбаздың ата-анасы хабарлаған.

Айта кетейік, әскери борышын өтеуге барған жігіт 3 күннен, 18 мамырда сағат 12.00 шамасында бөлімшенің қолбасшылығы 25744 әскери бөлімі мерзімді әскери қызметінің қатардағы жауынгері өз-өзімен сөйлесіп, айналада болып жатқан жағдайға түсініксіз реакция көрсеткенін байқаған.

Жас сарбаз медициналық тексеруден өту үшін облыстық ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижелері бойынша (МРТ, бас миының КТ және маманның кеңесі) жарақаттар мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: