Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҚМ психикасы бұзылуы мүмкін деген сарбазға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

ҚР Қорғаныс министрлігі, сарбаз, психикалық ауытқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 10:33 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінен шақырылған азаматтың психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 18 мамырда сағат 12.00 шамасында бөлімшенің қолбасшылығы 25744 әскери бөлімі мерзімді әскери қызметінің қатардағы жауынгері өз-өзімен сөйлесіп, айналада болып жатқан жағдайға түсініксіз реакция көрсеткенін байқады. Оқиға туралы сарбаздың ата-анасына хабарланды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар жас сарбаз медициналық тексеруден өту үшін облыстық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Тексеру нәтижелері бойынша (МРТ, бас миының КТ және маманның кеңесі) жарақаттар мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ. Мамырдың 19-ында мамандардың қайталама сараптамасы белгіленді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ баспасөз қызметі әскерге шақырылған азаматтың медициналық тексеруден өту үшін аудандық қорғаныс істері бөліміне мәжбүрлі түрде жеткізілгені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

2022 жылғы 4 мамырда мерзімді әскери қызметшіге белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілді. 11 мамырда әскерге шақыру учаскесіне келіп, өзімен және туысымен әңгімелесу барысында оның басқа гарнизонға кетпей, Ақтау қаласында қызмет ететіндігі айтылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінде атап өткендей, шақыру комиссиясынан өту кезінде шақырылушы Қарулы күштер қатарында қызмет етуге ниет білдіріп, медициналық тексеруден өткен, денсаулығына шағымданбаған.

Әскери полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: