Бас прокуратура полиция ұрып-соқты деген азаматқа қатысты түсініктеме берді

Қаңтар трагедиясы, Талдықорған, шеру, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 17:58 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің Азамат Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралды. Осы жағдайға қатысты ҚР Бас прокуратурасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Азамат Батырбаев Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталған.

23 қаңтарында жауап алу кезінде ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтты.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Азамат Батырбаевтың осы арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: